Lactobacillus reuteri DSM 17938 – әлемдегі ең көп зерттелген пробиотиктердің бірі
L. reuteri DSM 17938 штамдары бар BioGaia компаниясының пробиотиктері әлемдегі ең ғылыми зерттелген пробиотиктердің бірі болып табылады. Осы уақытқа дейін BioGaia пробиотиктерінің тиімділігі мен қауіпсіздігі барлық жастағы 18000 адамға жүргізілген 224 клиникалық зерттеулерде дәлелденді.
БиоГая пробиотиктері. Ашылу тарихы
Бірінші штамм L. reuteri DSM 17938 (БиоГая Протектис) 1990 жылы Анд тауларындағы экологиялық таза аймақта тұратын Перу әйелінің емшек сүтінен бөлініп алынған. БиоГая Продентисте қолданылатын L. reuteri DSM 17938 ATCC PTA 5289 штаммы тіс денсаулығы өте жақсы жапондық әйелдің ауыз қуысынан бөлініп алынған. L. reuteri DSM 17938 ATCC PTA 6475 (БиоГая Гаструс) – Финляндиядағы әйелдің емшек сүтінен бөлініп алынған қабынуға қарсы штамм.
БиоГая пробиотиктері өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында бақыланатын жағдайларда заманауи жоғары технологиялық зертханаларда өндіріледі. Мұқият тестілеу мен сапаны бақылаудың арқасында пробиотиктің әрбір дозасында жанама қоспалар мен аллергендерсіз өміршең L. reuteri DSM 17938 мөлшері бар.
БиоГая адам үшін несімен пайдалы?
Біз және біздің ата-бабаларымыз миллиондаған жылдар бойы L.reuteri DSM 17938 -мен бірге эволюция жолымен бірте-бірте дамыдық.
Осы эволюциялық процестің нәтижесінде L. reuteri DSM 17938 өмір бойы адам денсаулығына ықпал етті. Адамдар дерлік стерильді болып туылады және туу барысында L. reuteri DSM 17938 -мен бірінші рет кездеседі, сонымен қатар оларды емшек сүтімен алады. Ішек микробиотасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде L. reuteri DSM 17938 кішкентайларға емшек сүті мен қатты тағамдарды сіңіруге көмектесуде маңызды рөл атқарады. Өмір бойы L. reuteri DSM 17938 зиянды микроорганизмдердің енуіне жол бермеу және иммундық реакцияны жақсарту үшін ішек қабығын қалпына келтіреді. Олар сондай-ақ микробиоталардың денсаулығы мен әртүрлілігіне ықпал ететін және патогендік микробтардың (реутерин, рейтероциклин, сүт және сірке қышқылы, ГАМҚ) өсуіне жол бермейтін пайдалы заттарды шығарады. Ішек микробиоталарын қолдау біздің өмірімізде аса маңызды. Әсіресе қазіргі өмір салты аясында – фаст-фуд пен жасұнығы аз тағамды тұтыну, санитарияның жоғарылауы, антисептиктерді қолдану, антибиотиктерді қабылдау, кесарь тілігі арқылы босану және т. б.
Толымды денсаулық үшін L. reuteri DSM 17938 штаммдары бар БиоГая пробиотиктерін қолдану керек.
Биогая пробиотиктері бүкіл ас қорыту жолын қалай толтырады?
L. reuteri DSM 17938 ауыз қуысынан бастап бүкіл ас қорыту жолдарын қоныстандырады. Асқазанның қышқыл ортасының әсерінен өлетін көптеген пробиотиктер бар, бірақ L. reuteri DSM 17938 бүкіл асқазан-ішек жолында және одан тыс жерлерде аман қалады. Зерттеулер көрсеткендей, L. reuteri DSM 17938 емшек сүтінде, ауыз қуысында, асқазанда, аш ішекте, тоқ ішекте, қынапта болады.
L. reuteri DSM 17938 біздің ас қорыту жолымызды жабатын және дененің ішкі жағындағы тері сияқты жұмыс істейтін эпителий қабығын колонизациялайды. Бұл «ішкі терінің» негізгі міндеті – мүшелерге нені сіңіру керек және нені жібермеу керек екенін ажырату.
Біздің эпителий қабығымыздың жасушалары әр төртінші күні ауыстырылады, алайда L. reuteri DSM 17938 лактобактерияларының көпшілігі бір апта ішінде жаңарады. L. reuteri DSM 17938 ішектің колонизациясы уақытша болғандықтан, L. reuteri DSM 17938 -ді күнделікті тұтыну асқазан-ішек жолындағы L. reuteri DSM 17938 -дің жеткілікті және тұрақты деңгейін қамтамасыз ету үшін ұсынылады.
Неліктен БиоГая қауіпсіз пробиотик болып табылады?
Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, күніне 100 млн. КТБ (1*10⁸) балалар мен ересектерге арналған L. reuteri DSM 17938 қауіпсіз және тиімді дозасы болып табылады. БиоГая пробиотигі барлық жастағы адамдар үшін қауіпсіз.
Қауіпсіздігі барлық жастағы балаларда, атап айтқанда нәрестелерде, сау ересектерде және иммунитеті әлсіреген адамдарда дәлелденді. Тәулігіне 10 миллиард КТБ (10*10⁹) дозасын қолданған кезде де, бұл ұсынылған тәуліктік дозадан 1 000 есе көп дегенді білдіреді, жанама әсерлер байқалмады.
Неліктен тұтынушылар БиоГая пробиотиктерін таңдайды?
Lactobacillus reuteri DSM 17938 адамның шығу тегіне ие – бұл Жер планетасында адам пайда болған кезден бастап адамдармен бірге дамыған бірегей организм.
BioGaia өнімдері жоғары сапалығымен, тиімдігімен және қауіпсіздігімен ерекшеленеді.
Тиімділігі мен қауіпсіздігі әр түрлі популяциялардағы – жаңа туған нәрестелерден бастап егде жастағы адамдарға дейінгі 224 зерттеулермен дәлелденген.
БиоГая пробиотиктерінде өміршең белсенді L.reuteri DSM 17938 бар.